Мақсаты:
Білім алушылардың білімін тиімді бағалау және бақылау арқылы сапалы кәсіби білім берудегі басқарудың басты құралын пайдалану.
Міндеттері:
Оқу тәрбие жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыру.
Оқытудың мемлекеттік стандартына сәйкес бағдарламалар бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды талдап, қарау.
Пән оқытушыларының өз білімдерін көтеру жоспарларын қарап, біліктілігін көтеру курстарына баруын жоспарлап, колледж әкімшілігіне ұсыну.
Аттестациядан өтетін оқытушылардың тізімін жасап, жоспарлау.
Әкімшілік бақылау, сынақтар алуды ұйымдастыру.
Колледжішілік олимпиада өткізу, ғылыми жобаларға қатысу.
Пәнге қызығушылығын ояту үшін түрлі инттелектуальды сайыстар ұйымдастыру, қатысу.
Колледждің оқу үрдісін ақпараттандыруды жетілдіру. Ақпараттық технология мүмкіндігін барынша сапалы қолдану.
Баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізу, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту.
Әр білім алушының өз қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу құқығын қамтамасыз ету.
Білім алушылардың физикалық, психологиялық, адамгершілік тұрғыда жетілуін қамтамасыз ету.
Әр білім алушының оқу үрдісінде белсенді және ұйымдастырушы- бастамашылдық қабілетін ояту.
Оқу және өздігінен білім алу мотивациясын дамыту. Ғылым негіздерін жан- жақты және терең меңгеруі негізінде білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
Білім алушылардың интеллектуалдық әлеуетін тілдік- коммуникативтік, парадигмалық талаптар бойынша жетілдіру
Топ ұжымымын жұмыс жүргізуде жаңа тәрбиелік технологияларды оқып үйрену және қолдану.
Медициналық білім беру деңгейінде оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін тудыру. Білім алушының тұлғалық қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық- құндылық қатынасының, таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз ету.
Оқу үрдісіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету.
Оқытушының педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ететін әдістемелік қызмет моделін жетілдіру.
Дарынды балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.
Педагогтар мен білім алушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру.
Педагогтардың өздігінен білім алуын, олардың шығармашылық өсуін ұйымдастыру және жетілдіру.
Педагогтардың тәжірибесін жалпылауды әдістемелік материалдар шығару арқылы белсендіру, интернет желісіне орналастыру.